Атырауда облыстық ҰҚКД қызметкерлері Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының 33 жастағы орынбасарын ұсталды деген ақпарат тарады.
Ақ жайық басылымының хабарлауынша, шенеунік кеше Құрманғазы ауданынан іссапардан оралған бойды, облыс әкімдігінің ғимаратында қамауға алынған.
Дереккөздер мәліметі бойынша, оған мердігер ұйымның басшысынан пара алу күдігі бойынша айып тағылған. Қазіргі уақытта оған ҚР ҚК 367-бабы («Пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал ақша берген ЖШС басшысы ҚР ҚК 366-бабы («Пара беру») бойынша жауапқа тартылады. Мердігер компанияның кеңсесінде және облыс әкімдігі ғимаратында тінту жүргізілген.
Қазіргі уақытта шенеунік басқа жақақ кетпеу туралы қолхатпен босатылған, алайда тергеу бұлтартпау шарасын өзгертіп, оны қамауға алу туралы өтініш жасамақ.
Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.