Атырау облысының 90 жастағы тұрғыны – Әділхан есімді қария зәбір көріп отырғанын айтып шағымданды. Бұл туралы EGOV.PRESS телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Оның айтуынша, 47 жастағы ұлы ұрып-соғып, балағаттап, үйде еріксіз ұстап отыр. Түнгі уақытта терезеден секіріп қашқысы келгенімен, онысын да біліп қойып, ұстап алып, тепкілеп, қайтадан үйге қамап қойған. Қолы жарақат алып, қанаған соң онысын скотчпен орап қойған.
Сөзіне қарағанда, бұл жағдайды таныстары біледі. Оныншы баласының үйіне барып тұрғысы келгенімен, ұлы оған жібермей отыр.
Арна жазуынша, зейнетақысын да тартып алып, дәрі-дәрмегін алып бермейтін болған. Қазір болған жайға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны айтылады.