Ерлан Өтегенов бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ерлан Өтегенов 1997 жылдан бастап прокуратура органдарында жұмыс істеп келеді.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының прокуратураларында басшылық қызметтерді атқарды.
Алматы табиғатты қорғау прокурорының орынбасары және Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының және Алматы облысы бойынша Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқарма бастығы болған.
2019 жылдың маусымынан бастап Астана қаласы прокурорының орынбасары лауазымын атқарды.