Мәзір
Саясат

Батыс бірлігіне сызат түсті

Батыс бірлігіне сызат түсті
Сурет Ашық дереккөзден алынды

Батыс бірлігіне сызат түсті: Александр Стубб не дейді?

Финляндия президенті Александр Стубб Батыс елдері арасындағы бұрынғы бірлік әлсіреп, трансатлантикалық серіктестіктің жаңа кезеңге өткенін мәлімдеді. The Telegraph басылымына берген сұхбатында ол қазіргі геосаяси жағдайды «реализмді талап ететін кезең» деп сипаттады https://haqqin.az/newsarchive/379176  деп жазады  аталған басылымға https://www.telegraph.co.uk/news/2026/03/22/president-stubb-finland-interview/    сілтеме жасай отырып.

АҚШ саясаты өзгерді

Стуббтың айтуынша, Дональд Трамп тұсында АҚШ-тың сыртқы саясаты түбегейлі өзгерген. Бұрын Вашингтон одақтастарымен кеңесе отырып әрекет етсе, қазір көбіне жеке шешім қабылдайды.

«Бұрын АҚШ “жомарт гегемон” еді. Қазір – басқа типтегі держава. Ол әлі де күшті, бірақ одақтастарына бұрынғыдай сүйенбейді», – деді Финляндия президенті.

Оның пікірінше, «Америка алдымен» қағидаты Еуропаны АҚШ сыртқы саясатында үшінші орынға ысырып отыр. Бұл өз кезегінде Батыс ішіндегі сенімге сызат түсірген.

Украина және санкциялар мәселесі

Стубб Ресейге қысымды күшейту үшін санкциялар шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Алайда Дональд Трамп әкімшілігінің Ресейге қарсы кейбір шектеулерді жеңілдетуі жағдайды қиындатып отыр.

«Бұл Украина үшін өте зиян. Бұл Ресейдің әскери машинасын қаржыландырады», – деді ол.

Сонымен қатар, мұнай бағасының өсуі мен санкциялардың әлсіреуі Ресей экономикасына қосымша табыс әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Асқар Бектұрған, шығыстанушы, қытай тілінің маманы, тәуелсіз саясаттанушы:

«Батыс енді біртұтас емес»

Стубб қазіргі жағдайды Батыс ішіндегі толық күйреу емес, бірақ айқын «жарылу» деп бағалайды. «Қазір жаһандық Батыста бөліну байқалады. Бұл толық үзілу емес, бірақ елеулі өзгеріс», – деді ол.

Ол трансатлантикалық қатынастарды сақтап қалу үшін ең маңыздысы – қауіпсіздік пен NATO аясындағы ынтымақтастық екенін айтты.

АҚШ-тың болашағы: одақтастарсыз әлсіреу қаупі

Финляндия президенті АҚШ-тың қазіргі бағыты ұзақ мерзімде өзіне кері әсер етуі мүмкін деп санайды. «Одақтастарсыз гегемон болу мүмкін емес. Егер АҚШ осы жолмен жүре берсе, оның жаһандық ықпалы әлсіреуі ықтимал», – деді Стубб. Оның айтуынша, дәл одақтастар жүйесі АҚШ-қа әлемде ықпал етуге мүмкіндік беріп келген.

Александр Стуббтың бағалауынша, қазіргі геосаяси жағдай Еуропаны жаңа шындықпен өмір сүруге мәжбүрлеп отыр. АҚШ-пен қарым-қатынас бұрынғыдай сенімді емес, бірақ толық үзілу де орын алған жоқ.

Сондықтан Еуропа үшін басты міндет әсіресе қауіпсіздік пен қорғаныс саласында – «сақтап қалуға болатын нәрсені сақтау» болып табылады.