Мәзір
Жаңалықтар

БҮГІН ТАРИХТА

БҮГІН ТАРИХТА
АІ көмегімен жасалды

БҮГІН ТАРИХТА: 16 НАУРЫЗ

Осыдан 195 жыл бұрын 1831 жылы 16 наурызда Парижде француз жазушысы Виктор Гюгоның «Париж Құдай анасының соборы» (фр.Notre-Dame de Paris) атты алғашқы романы жарық көрді.

1906 жылы румын өнертапқышы Траян Вуйя құрастырған бірінші моноплан 12 метр (40 фут) ұшып өтті.

1926 жылы америка өнертапқышы Роберт Годдард сұйық отынмен жүретін алғашқы табысты зымыранды ұшырды.

1931 жылы Невада құмар ойындарын заңдастырды, бұл әсіресе Лас-Вегаста казиноның жолы ашылды.

Бұл күні 1940 жылы Адольф Гитлер жалғасып жатқан соғыс кезінде пайдалану үшін бүкіл Германия бойынша шіркеу қоңырауларын тәркілеу туралы жарлық шығарды. Жаппай наразылықтарға қарамастан, 175 000 шіркеу қоңырауы күшпен алынып, неміс армиясы үшін қару жасау үшін балқытылды. Соғыстан кейін көп жыл өткен соң қоңыраулар Еуропаның әр жерінен, соның ішінде Эстония мен Польшадан табылды, - олар әскери қажеттіліктер үшін ұрланбауы үшін көмілді.

1972 жылы ұйымдасқан қылмыс туралы эпикалық драма «Өкіл әке» жаһанға танылды. «Оскар» сыйлығына ие болған фильмді Фрэнсис Форд Коппола түсірген еді. Ондағы басты рөлдерді Аль Пачино мен Марлон Брандо ойнады.

1964 жылы Қазақ әдебиетінің қалыптасу және даму тарихын зерттеуде елеулі қолтаңбасы бар ғалым Болат Сағынбекұлы Қорғанбеков өмірге келді. Зерделі ғалымның «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосындағы типологиялық сарындар», «Едіге батыр» эпосындағы рухани рәміздер герменевтикасы», «Алпамыс батырдың» қазақ және қарақалпақ нұсқалары» деген ғылыми еңбектері эпостанушының жан-жақты қарымдылығын танытты.

Профессор Тұрсынбек Кәкішевтің авторлық ауыз әдебиеті мен ақындар шығармашылығын зерттеу жайын сөз еткенде: «Ақынды сол өңірде туып-өскен, ақын жыры туғаннан құлағына сіңісті болған ізденуші зерттесе, құба-құп» дейтіні еске түседі. Оңтүстіктің тумасы Болат «Түркістан атырабындағы жыршылық мектеп», «Құлыншақ ақынның жыршылық өнері жайында», «Айтыс үлгісіндегі қазақ өлеңдері: генезисі мен поэтикасы», «Ақын Балмағамбет Балқыбайұлының әдеби мұрасы», «Құлыншақ Кемелұлының жыршылығы туралы жанама деректер» атты ғылыми еңбектер жазды.

Сондай-ақ ғалымның отандық ғылымдағы тұлғатану саласында «Б.Кенжебаев – эпостанушы», «Ахмет Байтұрсынұлының қаһармандық эпос жөніндегі теориялық ойлары», «С.Мұқановтың қаһармандық эпосқа қатысты еңбектері», «Мұқаң және «Шора батыр» жыры», «Халық поэзиясының білгірі», «Біз таныған Рахаң», «Қазақ эпостануының сарабдал сардары», «Ә.Қоңыратбаевтың «Алпамыс батыр» жырына қатысты еңбектері», «Ш.Құдайбердіұлының әдебиеттанушылық ойлары» т.б. еңбектері бар.

Түркістаннан шыққан ғұлама, ислам уағызшысы, сопылық ақын мұрасының фольклорға қатысы жөнінде «Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметі» және қазақ фольклоры» (2011, 2012) монографиясы, «Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз, әпсана, хикаялар» жинағы (2009, 2011), «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» анықтамалық кітабы (2009, авторлармен бірге) жарық көрген еңбектері де көп ізденістен туғандығының айқын көрінісі.

Болаттың түрік ғалымы Кенан Коч және Алмагүл Исинамен бірге жазған «Қазақ әдебиеті» (2007 жыл) оқулығы да осы саладағы ізденушілер мен шәкірттердің таным көкжиегін кеңейтті. Қазақ фольклоры мен кеңес кезеңіндегі қазақ әдебиеті туралы екі бөлімнен тұратын бұл еңбек Стамбул қаласында жарық көрді.

1980 жылы АҚШ президенті Джимми Картер Америка Құрама Штаттары Мәскеудегі жазғы Олимпиада ойындарын Ауғанстанға кеңестік басып кіруіне наразылық ретінде бойкоттайтынын жариялады.

1990 жылы КСРО халық депутаттарының съезі Михаил Горбачевты жаңадан құрылған Кеңес Одағының президенті лауазымына сайлады.