Мәзір
Саясат

Елнұр Бейсенбаевтың Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды

Елнұр Бейсенбаевтың Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды
Ашық дереккөз

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Елнұр Бейсенбаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі

Жақында Мемлекет басшысының өкімімен Е. Сабыржанұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 

Осы орайда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Е. Бейсенбаевтың өкілеттін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізді. Палата отырысында депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.

— Елнұр Сабыржанұлы Мәжілісте бірлесіп жұмыс істегеніңіз үшін депутаттар корпусы атынан шын жүректен алғыс айтамын. Сіздің жетекшілігіңізбен «AMANAT» партиясы (фракциясы) өте тиімді жұмыс істеді. Өзіңіз де көптеген заңға бастамашы болдыңыз. Халықты толғандырып жүрген ең өзекті мәселелерді шешуге атсалыстыңыз. Әсіресе, Мемлекет басшысының реформаларын іске асыруда қосқан үлесіңіз өте зор, — деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.