Мәзір
Қоғам

«Ең төменгі жалақы 160 мың теңге болуы керек». Мәжіліс депутаты вице-премьерге шүйлікті

«Ең төменгі жалақы 160 мың теңге болуы керек». Мәжіліс депутаты вице-премьерге шүйлікті
Фотошоп

Мәжіліс депутаты Ескендір Мұқашев еңбек ұйымының шарты бойынша ең төменгі жалақы 160 мың теңге болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Елімізде  миллионнан астам адамның айлық табысы 85 мың теңгеден аспайды. Үкімет оның мөлшері биыл да, келесі жылы да өспейді деп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

– Республика бойынша 329 [мың] азамат негізі 80 мыңнан төмен жалақы алып отыр. Бұл талдау өткізгенде біріншіден нені көрсетті? Жұмыс берушілер тек қана контрактімен жұмысшы алып, бірнеше сағатқа қана жұмысқа тартқан. Және де басқа санаттағы 780 мың адам 85 мың көлемінде алып отыр, – деді министр.