Мәзір
Қоғам

«Фостердің де істеген еңбегі бар». Еділ Жаңбыршин өзі сынаған Фостерді мақтады (ВИДЕО)

Коллаж

«Эйр Астана» АҚ директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылдың наурызының соңында бас атқарушы директор және директорлар кеңесіне мүшесі қызметтерінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Әйтсе де ол Фостер компаниялар тобымен байланысын сақтап, директорлар кеңесіне аға кеңесшісі ретінде өз қызметін жалғастырады. Қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел осы кезеңде бас атқарушы директор қызметіне тағайындалатын болады.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Питер Фостерді қатты сынап, «Күлмеңіз, біз сізге Африкадағы абориген емеспіз” деп ашуланып еді.

Депутаттың айтуынша, Эйр Астана “аспанның құдайы болып алған”. Билет уақыты жақындағанда бағасы көтеріліп кетеді. Жаңбыршиннің айтуынша, уақыт жақындағанда билет бағасы керісінше түсуі керек. 

– Оны тезірек өткізу керек қой. Бұлар керісінше жұмыс істейді. Эйр Астананың мәселесін дұрыстап майшаммен қарау керек. Фостер мырза, шаңыраққа қараңыз, мемлекеттің заңына бағыну керек. Мұсабаев екеуміз бір сағат кешіккенге айыппұл салатын норма енгіздік. Енді қызықты қараңыздар, мен ұшар алдында 2 тамызда Эйр Астана 12 сағатқа кешікті. Әлі күнге дейін ақшасын ала алмай жүрмін. Неге? Олар құйтырқы схема жасап қойған. Анаған кіріп, өтінім беріп, жауабын алып, ақша алу деген… Мен әдейі соңында жүрмін. Бәрібір мен алам соны. Алдында біреуін алдым, – дейді ол.

Бүгін Еділ Терекбайұлын Питер Фостер қызметінен 2026 жылдың наурызында емес, дәл биыл неге кетпейді деп сұрадық.

«Эйр Астана» АҚ директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылдың наурызының соңында бас атқарушы директор және директорлар кеңесіне мүшесі қызметтерінен кететінін мәлімдеді.

Әйтсе де ол Фостер компаниялар тобымен байланысын сақтап, директорлар кеңесіне аға кеңесшісі ретінде өз қызметін жалғастырады.
Қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел осы кезеңде бас атқарушы директор қызметіне тағайындалатын болады.