Мәзір
Саясат

«Газалық лаңкестер израил халқын қырып жатыр»: Астанадағы діндер съезінде Израиль өкілінің сөзі дау тудырды

«Газалық лаңкестер израил халқын қырып жатыр»: Астанадағы діндер съезінде Израиль өкілінің сөзі дау тудырды

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде Израиль өкілінің мәлімдемесі мұсылман делегаттарының наразылығын тудырды, деп хабарлады sadaq.kz.

Израильдің бас ашкеназ раввині Кальман Бер "Мен қасиетті Израиль жерінен келдім. Соңғы екі жыл біз ауыр соғыстың қақ ортасында өмір сүріп жатырмыз. Газалық лаңкестер израйл халқын өлтіріп, тұтқынға алып қырып жатыр. Газалық лаңкестер еврейлерді ғана мұсылмандарды да қырғынға ұшыратуда. Халқымыз қиындыққа, азаптауға ұшырап жатыр.

Біз амалсыз сол лаңкестермен соғысуға мәжбүрміз. Өзімізді қорғау үшін кез келген қадамға барамыз.

Бұл діни соғыс емес, біз барлық дінді құрметтейміз. Алты күннен кейін біз үшін қасиетті мереке келе жатыр. Еврей халқы барлық халық үшін дұға жасайды. Осы

мақсатта 70 бұқа құрбандық шалдық..." , - деген еді.

Алайда раввиннің бұл сөздері залдағы делегаттардың наразылығын тудырды. Мұсылман дәстүрлі киіміндегі бірнеше өкіл орнынан тұрып, сыртқа шығып кетті. Сол секілді Түркия делегациясы да  Газадағы зұлымдықты тоқтатуға аудару керектігін жеткізді.