Мәзір
Саясат

Ядролық қақтығыс қаупі қатты алаңдатады — Мемлекет басшысы

Ядролық қақтығыс қаупі қатты алаңдатады — Мемлекет басшысы
Ақорда

Зұлымдық пен мейірімділік тартысқа түсетін шешуші сәттің ықтималдығы соңғы он жылда күрт артқан. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Съезінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

— Дүние жүзінің әртүрлі аймағында жүріп жатқан гибридті соғыстардың майдан шебі айқын емес. Алайда қисапсыз адам шығынына ұшыратып, толассыз босқындар нөпіріне түрткі болуда. Экономикаға орасан зор залал тигізіп отыр. Ядролық қақтығыс қаупі қатты алаңдатады. Сарапшылар зұлымдық пен мейірімділік тартысқа түсетін мұндай шешуші сәттің болу ықтималдығы соңғы он жылда күрт артқанын жиі айта бастады, — деді Президент.

Мемлекет басшысы өкінішке қарай, әлемде конструктивті ұсыныстарды ортаға салып, саяси ұстамдылық танытудан гөрі өшпенділік өршіп, геосаяси жіктің арасы алшақтап, әлеуметтік шиеленіс одан сайын ушығып бара жатқанын айтты.

— Менің ойымша, мұндай қилы кезеңде диалогқа шақыратын, бірін-бірі жатсынуды доғаруға үндейтін, халықаралық аренадағы өзара сенімді арттыратын басты амал ретінде конструктивті дипломатия алдыңғы орынға шығуы керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.