Мәзір
Жаңалықтар

Іле ауданында алапат жарылыс болып, үш адамның мәйіті табылды

Іле ауданында алапат жарылыс болып, үш адамның мәйіті табылды

Алматы облысы Іле ауданындағы металл қабылдау пункттерінің бірінде алапат жарылып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы облысының полициясының мәліметінше, металл қабылдау пунктінде белгісіз зат жарылған.

«Белгісіз зат жарылып, үш адам қаза тапты. Олардың денелері оқиға орнынан табылды. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді», - деп хабарлайды облыстың полициясы.

Оқиғаға қатысты тергеу басталыр, қылмыстық іс қозғалды.