Мәзір
Саясат

Көктем шыға Путинды улауы мүмкін – Көріпкел (ВИДЕО)

Көктем шыға Путинды улауы мүмкін – Көріпкел (ВИДЕО)
Ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде ардагер журналист Серік Алдан белгілі көріпкел Вольф Мессингтің Ресейдің болашағына байланысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Вольф Мессинг деген белгілі көріпкел өткенін жұрттың бәрі біледі. Алдағы оқиғаларды тап басып айтатын, айналасындағы адамдардың ойындағысын айна-қатесіз білетін құдыреті болған адам.

Сталин өлгеннен кейін Берия Вольф Мессингтің жазбаларын түк қалдырмай алдыртыпты дейді. Жазбалардан өзінің қашан өлетіні жайлы дерек іздеген екен. Бірақ таппаған. Ал жазбалардан КСРО-ның қалай ыдырайтыны, ішкі қақтығыстар, пандемия, осы күнгі Украинадағы соғыс, Ресейдің күйреуі жайлы түсінік беретін, бірақ жұмбақтап жазылған нәрселерді көріп шошып кеткен дейді. КГБ-ға мұны өртеп жоқ қылуды бұйырыпты. КГБ-ның адамы да жазбалардың бас жағын оқып, зәресі қалмапты. Бірақ өртемей, бір делоның арасына сала салған екен дейді. Вольф Мессингтің сол жазбасы араға ондаған жыл салып, осы күні кездейсоқ шыға келсе керек. Мұны «Цари СССР» деген ютуб-арна айтып отыр. Ютуб-арнаны біресе «Кровавый СССР» деп те атайды. Қайсысының нақты дұрыс екені түсініксіз.

Осы ютуб-арна Мессингтің жазбаларына зерттеу жүргіздік деп хабар берді. Сөздерінің рас-өтірігі өздеріне аян.  

Айтыстарынша, Мессингтің жазбаларында пандемия жайлы, ақшаның құны болмайтыны туралы, адамдар әмиян дегенді ұмытатыны, ақшаны қолға ұстамайтыны, есептескенде бет-жүзімен немесе саусақ ізімен-ақ ақша төлейтіні жазылыпты. Адамдардың түбіне алақандай құрылғы жететіні, жатса да-тұрса да сол құрылғыдан айырылмайтыны, ақыр соңында миллиондаған адамға сол құрылғымен-ақ бұйрық беруге болатыны айтылыпты. Бұл айтқаны ұялы телефон ғой. Адамдар ойлану, мәселеге мән беру деген қасиеттерден айырылатыны, күндердің күнінде қолындағы құрылғы оларды құрбан ететінін де келтірілген.

Ең назар аударарлығы – Днепр маңында екі туыс халықтың соғысы қанқұйлы болатыны, соғыскерлерден бұрын техниканың шаршайтыны, аспанды темір құстардың қаптайтыны жазылыпты. Бұл шахедтер мен дрондар, оқтұмсықты ракеталар болса керек. Екі жағы да жеңбейді екен. Соғыс өзінен-өзі тоқтайды депті. Тоқтайтын уақытын 2026 жылдың қар беті қайраған уақыты деп айқындаған екен. Қар беті қараятын мезгіл наурыз-сәуір кезі. Орыстың фамилиясы жол мен сапар ұғымымен сәйкес келетін билеушісі ауырып қалады дейді. Оны жақын жүрген қан-сөлі жоқ адам улайтынын жазыпты (Медведев па, Патрущев па, кім білсін). Билеуші төсек тартты деген хабар тарағаннан кейін соғыс бірте-бірте тоқтайды екен.

Одан арғысы өте ауыр. Жылдар өте келе орыс-орман тақыр кедейшілікке ұшырайды дейді. Халық нанға зар болатын көрінеді. Сол кезде Батыстан жыртқыш құс, ал Шығыстан айдаһар келеді деп жазған депті. Айдаһар Сібір аумағындағы аштарға тамақ әкеледі, жергілікті жұрт есігін айқара ашып, қабылдайды. Келе-келе төбелерінде Қытайдың туы желбіреп тұратынын ол жақтың жұрты сезінбей де қалады дейді. Батыстан келген құс бақылауға алады, ядролық қаруларды қолға алып, залалсыздандырады екен. Орал тауы шекара болады, бір жағын Батыс, екінші жағын Қытай билейтіні, ал орыс ұлысы деген аумақ Мәскеудің аумағымен ғана шектеліп қалатыны жазылыпты дейді.

Міне, осыны жоғарыда айтқан «Цари СССР» немесе «Кровавый СССР» деген ютуб-арна Вольф Мессингке сілтеме жасап айтып отыр. Ауыздарына -май!

Осы жерде логикалық мәселе, яғни қисынды ой туындайды. Егер Вольф Мессингтің жазбалары КГБ-ның архивінен табылып, зерттелді делік, онда қырық ұлысты орыс алқабының қырық ұлысқа бөлініп кетуі де айтылуы керек еді ғой. Себебі орыс ұлысының аумағы Мәскеу маңымен ғана шектелетінін айтыпты. Алып территорияның бір жағын Батыс, яғни Америка, ал бір жағын Қытай билеп алады деген. Ортадағы шекара Орал тауы екен. Ондай жайдайда келе-келе қырық ұлыс қырық бөлек елге бөлініп кетуі заңды нәрсе. Ондай хаос жағдайында, мысалы, Курил аралдары өзінен-өзі Жапонияның жағына, Заполярье жақтың аймақтары Финляндияға, бірталай облыс Украинаға, бірталайы Кавказ елдеріне, бірнеше облыс Қазақстанға өзінен-өзі, ешбір проблемасыз өтіп кететін болар. Орталық аумақтағы және Сібірдегі халықтар егемендік алар. Содан қалған жерлерді Қытай мен Америка бөлісіп жайлар. Сол кезде, егер ондай күн туып жатса, әрине, әрі Вольф Мессингтің жазбасы деген нәрсе рас болса, Қазақстан халықаралық саясатта бос келмеуі керек болады. Ресейде қалған қазақ аймақтарын Америка мен Қытайдың ауыздарынан жұлып алатындай саяси жігер мен қабылет-қарымға және өнерге ие болса...

Польшаның еврейі Вольф Мессингтің кім екенін, оның КСРО-ға қалай тап болғанын, Сталиннің қорғауында болғанын айтып жату артық болар. Оны бәріңіз білесіз ғой.