ALASHORDA Мәзір
Сайлау

Құрылтай үшін дауыс: Алматыдағы сайлау учаскесіндегі ерекше сәйкестік

Құрылтай үшін дауыс: Алматыдағы сайлау учаскесіндегі ерекше сәйкестік

Бүгін Алматыдағы сайлау учаскелерінің біріне есімі Құрылтай болатын қала тұрғыны келді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Сайлау қарсаңындағы жаңалықтан есімін жиі естіген ол мұндай маңызды күннен шет қалмауды жөн көрген сыңайлы.

Құрұлтай Сәткенбаев Алматының Бостандық ауданындағы №294 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Бір қызығы, Алматыда Құрұлтай есімді небәрі екі адам тұрады. Солардың бірі бүгін сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады.

Осындай да сәйкестік болады: бүгін Құрұлтай — Құрылтай үшін дауыс берді.