Мәзір
Саясат

Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. 

Сонымен қатар екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.