Мәзір
Саясат

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына деректерді есепке алуға, болжауға және талдауға арналған цифрлық сервистер, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі тиімділікті арттыруды көздейтін отандық стартаптар туралы баяндалды.