Мәзір
Саясат

Мемлекет басшысы Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды

Мемлекет басшысы Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды
Коллаж

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді.

Бұған дейін Әзербайжанның Нахчыван автономиялық республикасында пилотсыз ұшу аппараттары (ПҰА) апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз. Алдын ала мәлімет бойынша, олар Иран қарулы күштеріне тиесілі

БАҚ хабарламаларына сәйкес, оқиға Нахчыван халықаралық әуежайы мен оған жақын орналасқан ауылдардың маңында болған. Дрондардың бірі Нахчыван халықаралық әуежайының терминал ғимаратына, ал екіншісі Шекерабад ауылындағы мектептің маңына құлаған.

Оқиға салдарынан екі бейбіт тұрғын жарақат алды. Құтқару қызметтері мен өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетті, залалды бағалау және тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.