2026 жылғы 23 тамызында өтетін Құрылтай сайлауы қарсаңында елімізде жеті саяси партия арасындағы бәсекенің нәтижесі туралы түрлі болжамдар жасалып жатыр. Сол болжамдарды ескеріп мен нумерологиялық әдіске сүйеніп бірнеше зерттеу болжам жасадым. Осы ғылыммен айналысып жүрген 4-5 жыл ішіндегі тәжірибеме сүйенсем ЖСДП үшін айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетіліп тұр.
Алдағы уақытта біртіндеп әрбір саяси партия бойынша толыққанды зерттеу болжамдарымды шығара беруді жөн санадым. Бірақ бұл болжамдар ешқандай саяси не түрлі құпия көздерден алынған ақпараттар емес екенін қатаң ескертемін. Бұл тек нумирологиялық зерттеу болжамдар.
Еліміздегі бірден бір саяси партиялар арасында өздерін солшылмыз деп көрсетіп жүрген Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) сандарды жүйелеу негізінде саяси және әлеуметтік факторларды ескеріп, сайлау нәтижесіне нумерологиялық әдіс арқылы болжам жасап көру өте қызықты. Осы есептеуге сәйкес, ЖСДП Құрылтай сайлауында 14,33 пайыз дауыс жинауы мүмкін. Бұл көрсеткіш алдағы уақыттапартияны жеті саяси күштің ішінде ықпалды саяси күштердің бірі ретінде алға шығаруы да ғажап емес.
Мен зерттеу кезінде аталмыш партияның тарихи даталары, сайлау күні және саяси циклдердің сандық үйлесіміне негіздей отырып символикалық болжам ретінде қарастырдым.
ЖСДП-ның әлеуеті жоғары
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы Құрылтай сайлауына, «Ақ жол», «Ауыл», «Әділет», «Байтақ», Қазақстанның Халық партиясы, ЖСДП және Respublica партиялары барлығы 546 кандидат ұсынған. ЖСДП тізімінде 33 кандидат бар.
ЖСДП-ның 33 кандидатпен шектелуі де партия стратегиясының ерекшелігін көрсетеді. Партия басшылығы тізімді тек танымал адамдардың есебінен көбейтуді мақсат етпегенін және негізгі міндеттің заң шығарушы органға өту екенін мәлімдеді. Ал нумерологиялық тұрғыдан бұл жағдай партияның «сандық портретімен» қызықты үйлеседі.
Құрылтай сайлауы күніні 2026 жылғы 23 тамыз.
Бұл датаның цифрларын қосқанда: 2 + 3 + 0 + 8 + 2 + 0 + 2 + 6 = 23 → 2 + 3 = 5.
Яғни сайлау күнінің негізгі саны — 5.
Нумерологияда 5 саны өзгеріс, қозғалыс, бәсеке, күтпеген нәтиже және қалыптасқан тәртіптің өзгеруімен байланысты болып түсіндіріледі.
Сондықтан осы сайлауда бұрынғы нәтижелерді емес партия күтпеген серпіліс көрсету мүмкіндігі басым.
ЖСДП-ның сандары
ЖСДП 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған деп айтылып жүр.
Енді 10.09.2006 датасының сандық қосындысы:
1 + 0 + 0 + 9 + 2 + 0 + 0 + 6 = 18 → 1 + 8 = 9.
Партияның негізгі тарихи саны — 9.
Нумерологиялық түсіндіруде 9 саны әлеуметтік жауапкершілік, қоғам мүддесі, идеология, әділеттілік және ұзақ мерзімді құндылықтармен байланысады. Бұл ЖСДП-ның социал-демократиялық саяси бағытымен символикалық тұрғыдан сәйкес келеді.
Ал партия циклі
2 + 0 + 2 + 6 = 10 → 1.
1- саны партияның циклі.
Енді 1 саны нумирология ғылымында бастама, жаңа кезең, қайта бастау және өзін көрсету саны ретінде түсіндіріледі.
ЖСДП үшін бұл фактор ерекше маңызды. Партия 2006 жылдан бері саяси кеңістікте бар және өзінің қазіргі сайлауалды науқанын жаңа форматпен жүргізіп отыр. 2026 жылғы сайлау науқаны басталған шақта партия бағдарламасын таныстырып, 23 шілдеде сайлауалды науқанын бастағанын жариялады.
Осы үш негізгі санды (23) 2+3 = 5 (сайлау күні). Енді партияның құрылған күнін 1 + 0 + 0 + 9 + 2 + 0 + 0 + 6 = 18. 1+8= 9
9 (партияның тарихи саны). Енді 9+5=14біріктіргенде, нумерологиялық модель ЖСДП үшін белсенді 14 санын көрсетеді. Енді осы 14 ке партияның 33 кандидаттарының санын қоссақ 14,33 % деген көрсеткішті нақтылай аламыз.
Негізгі болжам — 14,33 %
Бұл санды ЖСДП-ның Құрылтай сайлауындағы нумерологиялық болжамдық көрсеткіші ретінде қабылдауға болады.
Бұл нәтиже партияны жеті саяси күштің ішінде жай ғана өту шегіне таласушы партия емес, айтарлықтай салмаққа ие партиялардың қатарына шығарады.
Бұл жерде ескеретіні 14,33% — нақты сайлау нәтижесі емес, сайлау басталғанға дейінгі нумерологиялық болжам екенін ерекше атап өткен жөн.
Бұл, әрине, ғылыми немесе социологиялық болжам емес. Нақты сайлау нәтижесін тек дауыс беру мен Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы анықтайды. Алайда нумерологиялық модель тұрғысынан қарағанда, ЖСДП үшін 2026 жылғы Құрылтай сайлауы партия тарихындағы елеулі электоралдық серпіліс болуы мүмкін.
Асемгуль, сарапшы нумеролог