Мәзір
Саясат

Пәкістанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Пәкістанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
Ақорда

Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды. Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. 

Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.  Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясы аумағында ағаш отырғызды.