ALASHORDA Мәзір
Саясат

Премьер-министр халықаралық сарапшылардың экономикалық даму жөніндегі ұсыныстарын талдауды тапсырды

Премьер-министр халықаралық сарапшылардың экономикалық даму жөніндегі ұсыныстарын талдауды тапсырды

Экономикалық дамудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын талқылау қорытындысында Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға айтылған ұсыныстарға талдау жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында қатысушылар әлемдік нарықтардағы қазіргі ахуал, экономикалық өсімді ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру және халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуіне жағдай жасау мәселелері бойынша пікір алмасты.

Әңгіме барысында экономика құрылымын нығайту және шикізаттық емес секторды әртараптандыру, Қазақстанның өнеркәсіптік саясатын жетілдіру жөніндегі бастамалар сөз болды. Сарапшылар шетелдік инвестициялар ағынын көбейту және жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау тәсілдерін ұсынды.

-Сондай-ақ өңірлердің өнеркәсіптік мамандануын дамытуға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге және стратегиялық инвесторларды тартуға назар аударылды. Бұдан бөлек, жеке капиталдың қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды,-делінген хабарламада.