Мемлекет басшысы банк жүйесіне қатысты екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұған қоса Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.