Мәзір
Саясат

Президент Қызылордада еліміздің келешек даму бағдары туралы ойларын ортаға салады

Президент Қызылордада еліміздің келешек даму бағдары туралы ойларын ортаға салады
Ақорда

 Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасына сілтеме жасап.

—  Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады, — деп жазды Руслан Желдібай.

Фото: Ақорда
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

2022 жылы — Ұлытауда;

2023 жылы — Түркістанда;

2024 жылы — Атырауда;

2025 жылы — Бурабайда өтті.

 https://kaz.inform.kz/news/prezident-kizilordada-elmzdn-keleshek-damu-bagdari-turali-oylarin-ortaga-saladi-5205e0/