Мәзір
Саясат

Президент Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорда

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты.

– Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін, – делінген жеделхатта.