Мәзір
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев араб елдерінің басшыларына қолдау білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев араб елдерінің басшыларына қолдау білдірді
Ақорда

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің, Сауд Арабиясының, Кувейт, Қатар мен Бахрейннің басшыларына үндеу жолдап, аталған елдердің халқына осынау қиын және ауыр сынақ кезінде шынайы қолдау білдірді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға достық әрі бауырластық қатынастағы елдердің егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін барлық әскери әрекетті айыптады.

— Біздің ел әрдайым барлық халықаралық күрделі мәселе мен қарулы қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды, — делінген Президент үндеуінде.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан бауырлас араб елдеріне кез келген көмекті көрсетуге дайын екенін айтып, олардың жоғарғы басшыларымен тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға үміт білдірді.