Мәзір
Саясат

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар жарна төлемейді

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар жарна төлемейді
Ақорда

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар жарна төлемейді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, Бейбітшілік кеңесіне қатысу мемлекеттердің дербес шешіміне негізделеді. Мемлекеттер Кеңес құрамына енгеннен бастап үш жыл мүше бола алады.

- Жарғыда айтылған 1 миллиард доллар көлеміндегі ерікті жарна мүшеліктің шарты болып саналмайды. Егер алғашқы жылда мұндай жарна төленген болса, мемлекет Кеңес құрамындағы мерзімін үш жылдан әрі ұзарта алады. Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіруге қандай да бір қаржы төлеген жоқ. Бұл Жарғы ережелеріне толық сай келеді, - деп түсіндірді Ақордадан.