Мәзір
Экономика

Қазақстанда салық есебін тапсыру нысандарының саны 60%-ға қысқарды

Қазақстанда салық есебін тапсыру нысандарының саны 60%-ға қысқарды
pexel.com

ҚР қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында кәсіпкерлер тапсыратын салық есебінің санын қысқарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Министрдің айтуынша, салық есебін тапсыру нысандарының саны жыл сайын төмендеп келеді, мәселен, 2009 жылдан бері 70-тен 28-ге немесе 60%-ға азайған. Енді бұған қосымша 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндеттемелер сомасы 1 млн теңгеден аспайтындар үшін мүлік, көлік және жер салықтары бойынша ағымдағы төлемдерді тоқсан сайын таппсыру міндеті жойылады. Кәсіпкер жыл қорытындысы бойынша бір декларация тапсырып, оларды сол кезде төлейтін болады.

- Маңызды жаңалық – есеп тапсырмағаны үшін "айыппұл салу" тәжірибесінен бас тарту. Егер декларация тапсырылмаса, ол нөлдік көрсеткіштермен берілген деп есептеледі де, бұл кезде қосымша есеп беру және деректерді дұрыс нақтылау құқығы сақталады, — деді Мәди Такиев.