Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев Дубайдағы үйі Иранның соққысынан аман екенін айтты, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Бұған дейін Азаттық радиосы «Дубайдағы Қазақстан» жобасы арқылы еліміздің әр түрлі лауазымды шенеуніктерінің Дубайда үйі туралы шығарылып ұсынған болатын. Аталған жобада Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаевтың жалпы құны 100 млн теңге болатын екі бөлек бөлмені сатып алғаны хабарланған болатын.
Жуырда Иранның соққысынан кейін Дубайдағы жасанды Пальма Джумейра аралында орналасқан Fairmont The Palm резиденциясы ауданында құлаған. Ал аталған резиденцияда еліміздің танымал бірнеше лауазымды тұлғасының үйі бар екен.
Журналист Манас Қайыртайдың мәлімдеуінше, ашық жарияланымдар мен зерттеу материалдарына сәйкес, аталған тұрғын үй кешенінде Қазақстан азаматтары мен бұрынғы және қазіргі шенеуніктердің туыстарына тиесілі пәтерлер болуы мүмкін. Алайда БАӘ немесе Қазақстанның ресми органдарынан нақты меншік иелері туралы, сондай-ақ зымыранның дәл тұрғын корпусқа тікелей тигені жөнінде әзірге ресми растау жоқ.
Жарияланған деректерге сәйкес, резиденциядағы жылжымайтын мүлік иелері арасында мыналар аталады:
Бағдат Баталова – Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың жұбайы;
Мирас Мами – Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мамидың ұлы;
Лейла Адайбекова – Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы Берік Имашевтің жұбайы;
Елжан Имашев – Берік Имашевтің ұлы;
Жанар Сейдвалиева – Қайрат Шәріпбаевтың бұрынғы жұбайы;
Қорлан Шәріпбаева – Қайрат Шәріпбаевтың қызы;
Өркен Есей – Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің күйеу баласы;
Алена Шенесары – Мәжілістің бұрынғы депутаты Гүлжан Қарағұсованың келіні;
Қайсын Жұмағалиева – цифрлық даму саласының бұрынғы министрі Асқар Жұмағалиевтің анасы;
Сержан Дүйсебаев – Қазақстанның ЕАЭО-дағы өкілі;
Руслан Акбердиев – Президентті күзету қызметінің бұрынғы қызметкері;
Ғабдулхаким Жашыбеков – Президент әкімшілігінде жұмыс істеген генерал;
Николай Родостовец – экс-министр;
Ардақ Зиябек – бұрынғы вице-министр Берік Толымбаевтың ұлы.
Журналистің айтуынша, бұл кешенде Қазақстан азаматтарына тиесілі 96–97 пәтер болған.
P.S. Журналист Манас Қайыртайдың "Дубайдағы Қазақстан" жобасы шыққанда жұрт "Қазақстаннан Дубай жақсы екен" деп таңғалып еді. Аталған жобаның негізгі кейіпкерінің бірі болған Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев Дубайдағы үйіне байланысты сұраққа қызарақтап, ыңғайсызданып қалды. Дубайдан үй алу ұят емес те, оған қатысты сұраққа жауап беру ұят па?