Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды кәдеге жарату зауыттарының құрылысын бастауды тапсырды Премьер-министр Олжас Бектенов, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Экология министрлігіне республикалық маңызы бар үш қаланың әкімдіктерімен бірлесіп, 2026 жылы қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарының құрылысын бастауды тапсырды.
- Экология министрлігі Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірге келесі жылы қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарының құрылысын бастауы керек, — деп атап өтті Олжас Бектенов.