Мәзір
Саясат

Роман Скляр Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті

Роман Скляр Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті
Үкімет

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының ағымдағы мәселелерін және одан ары даму перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ машина жасау, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардағы бірлескен инвестициялық жобалардың табысты іске асырылғаны атап өтілді.

– Корея Республикасымен стратегиялық серіктестігімізді және бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде қол жеткізген жетістіктерімізді жоғары бағалаймыз. Серіктестігімізді іске асыру арқасында біз жаңа жұмыс орындарын құрып, инновацияларды енгізіп, өндірістік қуаттарды кеңейте алдық, - деп атап өтті Роман Скляр.

Өз кезегінде Корея Республикасының Елшісі Чжо Тэ-ик Қазақстан басшылығына қолдау мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, экономиканың әртүрлі салаларында екітаралы қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Елші Чжо Тэ-ик Қазақстанның Халықаралық атом энергия агенттігіне қабылдануымен құттықтады.

Дипломат Қазақстан уран саласындағы маңызды ойыншы екенін атап өтіп, атом электр станциясын салуда сәттілік тіледі.

Кездесу соңында Роман Скляр Елші Чжо Тэ-икке қазақ-корей қарым-қатынасын дамытуға қосылған жеке үлесі үшін алғыс айтты және оған дипломатиялық мансабында табыс тіледі.