Мәзір
Саясат

«Сәкен Арубаев Жамбыл облысының әкімі болуы мүмкін» (ВИДЕО)

«Сәкен Арубаев Жамбыл облысының әкімі болуы мүмкін» (ВИДЕО)
Ашық дереккөз

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды. Президенттің Жолдауынан кейін елде кадрлық ауыс-түйіс болуы мүмкін деген болжамдар айтылуда, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Мәселен, Үкімет басшысы Олжас Бектенов жетекшілік ететін министрлер кабинеті отставкаға кетеді деген сыбыс бар. Тіпті «Премьер-министр Бас прокурор Берік Асыловтың орнына келеді» деген пікір де біраздан бері тарауда.

Ал облыс әкімдеріне қатысты болжамдарға қарағанда, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің орнына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаев тағайындалуы мүмкін.

Сәкен Қаланұлы бұған дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасын, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын басқарған. Сондай-ақ ол Мойынқұм, Жамбыл және Шу аудандарының әкімі қызметін атқарған. Сарапшылардың пікірінше, бұл тәжірибе оны облыс басшысы лауазымына лайықты етеді.

2023 жылдың қыркүйегінен бері өңірді басқарып келе жатқан Ербол Шырақбайұлының алдағы қызметі әзірге белгісіз. Дегенмен, ол басқа облысқа әкім болып баруы немесе қайтадан Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне оралуы мүмкін деген әңгімелер бар.