Атырау өңірінде із-түссіз жоғалған отбасы жөнінде тың дерек шықты, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Осыған дейін Атырау облысының Жангелді ауылында бір әулеттің төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кеткендігін жазған болатынбыз. Осы оқиғаға қатысты инстаграм желісінде hacker.atyrau аккаунтында бұрын соңды айтылмаған ақпарат жарияланды.