ALASHORDA Мәзір
Саясат

Тоқаев Вьетнам Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Вьетнам Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Фото: Ақорда

Ақорданың хабарлауынша, Президент бұл мерекені Вьетнам халқының бірлігі мен жасампаз рухының, сондай-ақ елдің тұрақты дамуы мен өркендеу жолындағы ұмтылысының жарқын нышаны ретінде атап өткен.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Вьетнам халқына құт-береке тіледі.