Мәзір
Саясат

Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке жүр

Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке жүр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді.

Президент бірқатар мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ сапар аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және «дөңгелек үстел» форматында кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады.