Хуситтердің соғысқа араласуы: Қызыл теңізде жаңа майдан ашылып, әлемдік саудаға соққы күшейеді
Йемендегі хусит тобы Иранға қарсы соғысқа тікелей араласып, Израильге зымыран шабуылын жасады. Бұл – аймақтағы шиеленістің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсететін кезең. Сарапшылар Қызыл теңіздегі маңызды кеме жолдарының бұғатталуы әлемдік экономикаға ауыр соққы беруі мүмкін деп ескертеді https://www.axios.com/.
ТЕЛ-АВИВ / САНА. 28 наурыз, күн шығысқа сағат сәулесін шашқан шақта Израиль аспанында тағы бір дауыл көрініс берді. Израиль әскерилері Йемен аумағынан ұшырылған баллистикалық зымыранды сәтті ұстап түсіргенін хабарлады. Бұл оқиғаның ерекшелігі – хусит тобы бұған дейін де Израиль нысандарына шабуыл жасап келгенімен, биылғы 28 ақпанда басталған Иранға қарсы соғыс кезінде алғаш рет әскери әрекетке көшті https://www.bbc.com/russian/articles/cpwjdz50elgo.
Шабуылдан бірнеше сағат бұрын хуситтердің саяси кеңесі Иранға шабуылдар тоқтатылмаса, «тікелей әскери араласатындары» туралы батыл мәлімдеме жасаған еді. Бұл уәде күттірмеді. «Израильдің сезімтал әскери нысандарына бір топ баллистикалық зымыран жетті», – деп мәлімдеді кейін топ өкілі. Израиль тарапы келтірілген шығын туралы ақпаратты растамады, бірақ бұл әрекеттің салдары аймақтағы күштер арақатынасын түбегейлі өзгертуі мүмкін.
Бұл тек бір ғана шабуыл емес, тұтас бір жаңа майданның ашылуы. Қызыл теңіз – планетаның ең көп жүк тасымалдайтын дәлізінің бірі. Дәл осы жерден Еуропа, Азия және Таяу Шығыс арасындағы сауда көліктері өтеді. 2023-2024 жылдары хуситтердің шабуылдары салдарынан кеме компаниялары мыс Доброй Надеждыны айналып, Африканы орап өтуге мәжбүр болған еді. Бұл жүк тасымалының мерзімін 10-15 күнге ұзартып, бағаны күрт өсірді.
Қазір жағдай одан да күрделі. Иран Ормуз бұғазын іс жүзінде жауып тастаған. Дүниежүзілік мұнай экспортының шамамен 20%-ы осы бұғаз арқылы тасымалданады. Ал хуситтер Қызыл теңіздегі Баб әл-Мандеб бұғазына қауіп төндірсе, екі ірі теңіз дәлізі бір мезетте тұйықталуы мүмкін. Chatham House ғылыми қызметкері Фария Аль-Муслимидің айтуынша, «бұл нағыз апат. Қазірдің өзінде жағдай өте ауыр, енді бұл одан сайын ушыға түседі».
Хуситтерге келер болсақ, олар тек Иранның одақтасы ғана емес, сонымен қатар соғыс қимылдарына үйреншікті күш. 2014 жылдан бері Йеменнің солтүстік-батысын басып алған топ соңғы онжылдықта аймақтағы ең күрделі әскери-саяси құрылымдардың біріне айналды. Олардың арсеналында ұшқышсыз ұшақтар, қанатты және баллистикалық зымырандар бар. Бұрын Сауд Арабиясына, БАӘ-ге, ал соңғы жылдары Израиль мен Қызыл теңіздегі әскери кемелерге шабуыл жасау тәжірибесі мол.
Израиль үшін хуситтердің тікелей араласуы әскери тұрғыдан үлкен қауіп төндірмейтін болар. Себебі Израильдің әуе қорғаныс жүйесі – «Темір күмбез», «Дәуіт сақпаны» сияқты кешендер – ұзақ қашықтықтағы зымырандарды атып түсіруге қабілетті. Алайда бұл Израильдің әскери ресурсын бөлуге, назарын Солтүстік және Оңтүстік майдандардан басқа бағытқа аударуға мәжбүрлейді. Ал Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне жасалған шабуылдар Израильдің ғана емес, бүкіл әлемнің экономикасына соққы болып тиеді.
Ерік Қайратбекұлы Құнанбай қажы атындағы «Алаш аудармашылар одағы» Қоғамдық Қорының төрағасы, тәуелсіз саясаттанушы:
Хуситтердің бұл қадамы ислам әлемінің Иранға қолдауын күшейте ме? Әзірге бұл сұрақтың жауабы анық емес. Иранға көрсетілетін аймақтық қолдау көбінесе шииттік топтармен шектеліп тұр. Араб елдері, әсіресе Парсы шығанағы монархиялары, бұл соғыста ресми түрде бейтараптық танытып отыр. Сауд Арабиясы өз мұнайын Ормуз бұғазын айналып өтіп, Қызыл теңіздегі Янбу порты арқылы жеткізуге көшкен. Бірақ егер хуситтер Қызыл теңіздегі кемелерді нысанаға ала бастаса, Сауд Арабиясы да жаңа қауіп-қатермен бетпе-бет келеді.
Би-би-сидің дипломатиялық сарапшысы Пол Адамстың пікірінше, ең үлкен қауіп – екі бұғаздың бір мезетте жабылуы. «Бұл жаһандық жеткізілім тізбегінде 2021 жылғы Суэц каналындағы Эвер Гивен контейнеровозының тоқырауынан әлдеқайда ауыр дағдарыс туғызады», – дейді ол.
Қазіргі уақытта Израиль мен АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы мен аймақтағы ықпалын шектеуге бағытталған операциясын жалғастырып жатыр. Бірақ хуситтердің араласуы бұл тек Иранға қарсы соғыс емес, кең ауқымды аймақтық қақтығысқа айналып бара жатқанын көрсетеді.
Йемендегі соғыстан қаншама жыл өтсе де, хуситтер өздерінің әскери мүмкіндіктерін арттырып, аймақтағы күрделі геосаяси ойынның белсенді ойыншысына айналды. Ал енді олардың Израиль мен Иран арасындағы тікелей қақтығысқа кіруі – бұл жаңа кезеңнің бастамасы ғана болуы мүмкін.