Мәзір
Саясат

Жалпы құны $3,7 млрд: Президент Токиода қандай келісімдерге қол қояды

Жалпы құны $3,7 млрд: Президент Токиода қандай келісімдерге қол қояды
БОРТ1

Қазақстан Президентінің Жапонияға сапары барысында жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында қол қойылатын коммерциялық келісімдердің жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асады.

Президент осы мақсатта Токиода жапониялық ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізбек. Барлығы 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланған.

Келісімдер энергетика, жаңартылатын қуат көздері, цифрландыру, тау-кен, көлік секілді негізгі салаларды қамтиды.

Қазақстан тарапынан құжаттарға «Самұрық-Қазына», KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» компаниялары, ал Жапония тарапынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO сияқты компаниялардың өкілдері қол қояды.

Президенттің Жапонияға сапары аясында өзге де ресми келіссөздер мен іскерлік кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды.