Мәзір
Саясат

Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменова тағайындалды. 

Мәжіліс Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменованың кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменованың кандидатурасы келісілді.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.