Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Нұр-Сұлтанда екі учаске жабылады

0 89

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты қаладағы екі учаскеде қозғалыс толығымен шектеледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты астана әкімдігіне сілтеме жасап.

«8-9 мамырда Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен тоқтатылады, өйткені Қабанбай батыр даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Бөкейхан көшесі мен Сығанақ көшесінің арасындағы жол орташа жөндеуден өтеді. Осыған байланысты 7-9 мамыр аралығында «Jusan Bank» маңында автокөлік құралдары үшін жол жабық.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтарға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», — деп толықтырады басқарма.

Leave A Reply

Your email address will not be published.