Доллар қайта қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 21 қазан кешімен салыстырғанда 2,44 теңгеге өскен.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 484,19 теңге.
Ұлттық банктің 22 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 481,68 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,00 теңге.
Еуро – 522,48.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 488,7 теңге. Еуро 525 — 529 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 483 теңге, сатып алу құны – 488 теңге.
Еуро 524 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 4,97 – 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.