Бүгін республика бойынша жел күшейіп, жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК-сы маусымның 8-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің батысында, солтүстік батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ жауады, батысында, солтүстік батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Тек елдің орталығы мен шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік батысында, шығысында, Қостанай облысының солтүстік батысында, оңтүстікшығысында, орталығында, Павлодар облысының солтүстік шығысында, батысында, оңтүстік шығысында, орталығында, Түркістан облысының орталығында, Абай облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарда, Жамбыл облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік шығысында, орталығында, Қостанай, Абай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.