ALASHORDA Мәзір
Жаңалықтар

Президент наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялайды

Президент наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялайды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында ел халқына Үндеу жолдайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні өткен Мәжіліс отырысында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен арадағы диалог негізінде саяси реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді деп мәлімдеген болатын. Осыған байланысты Мемлекет басшысы наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялауды жоспарлап отыр. Бұл үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады», – деп жазды Б.Уәли.