Еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

8 ақпан күні Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында 15-20 м/с жел соғып, ол оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ауысады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

8-9 ақпан күндері Жамбыл облысының солтүстік-шығысы, оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ. Облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Таразда тұман болмақ.

8 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман тұседі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ, тұман, күтіледі. Қызылордада тұман болады.

Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ.

Шымкентте де тұман, көктайғақ болады. Түркістанда 8 ақпан күні түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ.