Жириновский жағдайы нашар күйде ауруханаға түсті

Коронавирусқа шалдыққан Ресей либерал демократиялық партиясының жетекшісі, ультраұлтшыл саясаткер Владимир Жириновский ауруханаға түсті. Ресей ақпарат құралдарының жазуынша, саясаткердің хәлі ауыр, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

9 ақпанда бірнеше ақпарат агенттігі парламент пен партияға жақын дереккөзіне сүйене отырып 75 жастағы саясаткердің өкпесі коронавирустан қатты зақымданғанын жазды. Мәліметті тәуелсіз ақпарат көздерінен тексеру мүмкін болмады.

Кейінгі кезде Жириновский жұрт алдына шықпай кеткен. ЛДПР жетекшісінің орынбасары Василий Власов осыған дейін «Интерфакс» агенттігіне саясаткердің «қағаз жұмыстарымен» шұғылданып жүргенін айтқан. Ол Жириновскийдің нақты қайда екенін айтпаған.