Бәйдібекте 500-ден астам абонент табиғи газды тұтына алмай отыр
Жоғарғы қысымды газ құбыры бойынан орын алған апатты жағдай салдарынан Шалдар, Екпінді, Сарқырама және Тасқұдық елді мекендеріндегі тұрғындар табиғи газды тұтына алмай отыр. Мамандардың айтынша жөндеу жұмыстары бір тәулікке созылмақ. «14 ақпан күні сағат 17:00 шамасында Шалдар елді мекеніне жеткізуші жоғарғы қысымды газ құбыры бойынан апаттық жағдай орын алуына байланысты газ тарату станциясынан Шалдар, Екпінді, Сарқырама және Тасқұдық елді мекендеріндегі жалпы 527 абонентке табиғи газ тарату уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта Ордабасы газ шаруашылығы мекемесінің мамандары жұмыс жүргізіп жатыр. Жобамен қайта қалпына келтіру жұмыстарының уақыты 1 тәулік» делінген Бәйдібек аудандық баспасөз қызметі таратқан хабарламады.