«Nur Otan» партиясының атауы өзгертілді

Бүгінгі съез барысында «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов елдегі ең ірі партияны қайта жаңғырту бағытындағы ұсыныстарға қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтты.

«Құрметті делегаттар, бүгінгі съезде партияның модернизациясы тұрғысында айтылған барлық ұсыныстарды, оның ішінде партияның модернизациялау бағдарламасы, жаңа атауы мен белгісі бойынша қабылдау үшін дауысқа саламыз», – деді партияның атқарушы хатшысы.

Делегаттар съезде ұсынылған бастамаларды қолдап, тиісті қаулы қабылданды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады.