Партия көзбояушылыққа бармауы керек — Президент
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев билік партиясы көзбояушылыққа бармауы керек екендігін айтты, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Ең алдымен сайлауалды кезеңде берілген уәделерді орындау керек. Партия популизммен әуестеніп, орындалмайтын дүниеге уәде бермеуі, одан кейін қажетті цифрларды талап етіп, Премьер-Министрдің, оның кабинеті мүшелерінің бастарынан тоқпақтамауы тиіс», — деді Мемлекет басшысы «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезінде.
ҚР Президентінің атап өтуінше, дәл осындай жайттан адамдардың партияға деген сенімсіздігі туындап, оның теріс салдары орын алады.
«Мұның барлығы жиналып келіп көзбояушылық деп аталады. Көзбояушылықтың салдары адамдардың әлеуметтік көңіл-күйі мен елдің ішкі саяси тұрақтылығына әсер етеді. Жағдайдың бұлай болуы геосаяси жағдай ушығып тұрған кезде мүлдем қажет емес», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.