Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасыз қалмайды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” алаңында «Қаржы пирамидаларына қарсы тұру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов және оның орынбасары Мұхтар Қожаев қатысты. Санжар Әділовтың айтуынша, Mudarabah Capital қаржылық пирамидасына қатысты бар вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасыз қалмайды.