Сенаторлар Тигран Кеосаянға ашуланып отыр (ВИДЕО)
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Ақылбек Күрішбаев ресейлік журналист Тигран Кеосаянға ашуланып отыр. Тіпті Мұхтар Құл-Мұхаммед журналисті «Козел провокатор» деп балағаттап жіберді.
Бұған дейін белгілі блогерлер Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбай Ресей билігін сынағаны үшін 5 жылға сотталып кетіп еді. Ресейлік журналистерден бастап саясаткерлерге дейін қазақтарды иттен әрі, күшіктен бері етіп жатса да, Кремль оларды неге жазаламайды?