Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингісінде бес айдан бері көш бастап тұр
Қазақтың қара домалақ баласы Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында Еуропа рейтингісінде бес ай бойы көш бастап келеді, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Tennis Europe ұйымы Монте-Карло қаласында биыл күзде өтетін Junior Masters жарысына орай жаңартылған рейтингті жария етті. Заңғар Нұрланұлы 520 ұпаймен бірінші орында тұр.
Дамир Жалғасбай 42-ден 34-орынға жоғарылады. Тағы бір қазақстандық Даниэль Тазабеков 44-сатыға жайғасты. Қыздар арасында Софья Исакова үздік жүздікке енді. Ева Корышева 560-тан бірден 328-орынға көтерілді.