Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау болады. Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтілуде.

Еске сала кетейік, ТЖМ құтқарушыларының иелігінде гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника сияқты құтқарушы құрал-жабдықтары бар.