Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төралқасы мәлімдеме жасады
19 наурызда өтетін Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төралқасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды alashorda.kz сайты партия сайтына сілтеме жасап.
«Біз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – еліміздегі саяси өзгерістер үшін күресуге дайын жалғыз оппозициялық күшпіз. Өткен парламенттік сайлау науқанында дауыс берудің әділ өтуіне күмән келтіріп, өз кандидаттарымызды ұсынбай, сайлауға бойкот жариялауды шештік. Енді жағдай өзгерді, заңнамалық шарттар мен билік жүйесінің өзі өзгерді. Сондықтан да, еліміздің болашағы алдындағы жауапкершілікті түсіне отырып, біздің партия алдағы сайлау науқанына қатысу туралы шешімін қабылдады.
Біз сайлауға қоғамда жылдар бойы жиылған мәселелерді шешу, азаматтардың құқықтарын кеңейту және саяси жүйені демократияландыру мақсатында қатысамыз», — делінген мәлімдемеде.