Хоккей: «Барыс» «Авангард» командасынан жеңіліп қалды

Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Кездесу барысында қос команда гол соғу мүмкіндігін іздеді. Алғашқы болып ресейлік клуб сапынан Алексей Береглазов 3-минутта есеп ашты.

Екінші кезеңде «Авангард» хоккейшісі Иван Телегин 32-минутта есепті үстемелей түсті. Оған «Барыс» сапынан Антон Сагадеев 33, 38-минутта екі голмен жауап қайырды. Ал ресейлік Арсений Грицюк 39-минутта қайтадан «Авангардты» алға шығарды.

Ойынның 44-минутында ресейлік клубтан Алекс Бродхёрст қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді.

Енді елордалық клуб алдағы ойынын 22 ақпанда Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» овертаймда «Куньлунь Ред Стар» командасынан басым түсті.


ТегтерХоккей